Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Британдық танымал журнал Қазақстан туралы мақала жариялады

20-02-2023, 16:55 Думан Кенжеғазыұлы

Condé Nast Traveler танымал халықаралық басылымы The Most Breathtaking Places to Visit in Kazakhstan («Қазақстанда баруға болатын ең қызықты орындар») атты материал жариялады.

Мақаланың тақырыбы айтып тұрғандай авторлар Алматы, Бурабай, Астана, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Ұлытаудың әсем табиғатын егжей-тегжейлі көркем сипаттайды. Бұл ретте, Қазақстан әлемдегі бағаланбаған туристік бағыттардың бірі, деп атап көрсетеді.

Сондай-ақ, авторлар Қазақстанды ауқымы жағынан ғаламшардағы асқар таулардан тұзды бастауларға дейін, мөлдір көлдерден ну ормандарға дейін, заманауи сәулеттен ежелгі төбелерге дейінгі таңғажайып пейзажы бар  тоғызыншы ел ретінде баға берген.

«Өткен бір аптада ғана Қазақстан Үндістаннан келген туристер үшін ең үздік тренд бағыты ретінде танылды. Бұған дейін Қазақстан танымал curly tales сайтының нұсқасы бойынша қолжетімді демалыс бойынша ТОП-10 елдің қатарына енді. Әлемдік басылымдар Қазақстанға барған сайын назар аударып, туристердің Қазақстанға келуіне ұсыныс жасайтыны қуантады. Біз отандық және шетелдік туристердің жайлы демалысы үшін жағдай жасап, осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», - деп атап өтті вице-министр Ержан Еркінбаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив