Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Нұртай Сабильянов үгіт-насихат жұмыстарын Ұлылар елі - Абай ауданынан бастады

20-02-2023, 18:42 018.kz

Абай облысының бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Сабильянов Нұртай Салихұлы,үгіт-насихат жұмыстарын Ұлылар елі - Абай ауданынан бастады. Бірқатар елді мекендерді аралап, халықпен кездесті. Тұрғындарды сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.  

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

1. Елімізді өркендету, Абай облысын дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін халыққа адал қызмет етемін.  

2. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруга атсалысамын.

3. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру үшін заңнамаға ұсыныстар енгіземін.

4. Семейдің инфрақұрылымын жақсарту: қаладағы қоғамдық көлік, су, жылу, кәріз жүйесі, жол, көпір, аббаттандыру, жарықтандыру, қоқыс мәселелерін шешуге және жылу электр орталығын (ЖЭО) салуға қолдау көрсетемін.

5. Бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатына сай пайдалану үшін мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қабылдауға, Бюджет кодексіне өзгертулер және толықтырулар енгізуге атсалысамын.

6. Елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен қаражат қарастыру, оның мақсатына сай жұмсалуын бақылау үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеймін. Сумен қамтамасыз ету объектілері жобаларының уақытында әзірленуіне мониторинг жүргіземін.

7. Үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп елді мекендерді жылдамдығы жоғары интернетпен қамту мәселесіне тиісті заңнамалық қолдау  көрсетемін.

8. Кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй беру үшін барлық мүмкіндікті қарастырамын, тұрғын үй құрылысын дамытуға заңнамалық қолдау көрсетемін.

9. Калалар мен ауылдардағы көп қабатты үйлердің жағдайын жақсарту, үйлердің шатырын және сыртын жөндеуге қаражат бөлу үшін ұсыныстар енгіземін. Лифтерді ауыстыру және жөндеу жұмыстарына қаражат бөлуге колдау көрсетемін.

10. Ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға, инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасауға, жеңілдетілген несие беру жүйесін қалыптастыруға, жайылым мәселесін шешуге және осы бағытта тиісті заңнама қабылдауға күш саламын.

11. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларындағы мәселелерді шешуге атсалысамын. Қосымша қаражат бөлу туралы ұсыныстар енгіземін. Олардың ғимараттарының, материалдық-техникалық базасының жағдайын жақсартуға, қызметкерлерінің жалақысын көбейтуге баса мән беремін. Мектептерде спортзал салу мәселесін шешуге қолдау көрсетемін.

12. Республикалық маңызы бар Қарағанды- Боғас, Семей - Қайнар жолдарын жендеу, сондай-ақ Қалбатау - Талдықорған, Қалбатау- Майқапшағай жолдарынын жендеу жұмыстарын аяқтау жөнінде ұсыныстар енгіземін.  Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстарына каражат болу үшін ұсыныстар енгіземін. Жол жөндеу жұмыстарының сапалы атқарылуын және осы мақсатқа бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргіземін.

13. Туризмді дамытуға және Абай облысының туристік әлеуетін арттыруға заңнамалық қолдау көрсетемін, қаражат қарастыруға ұсыныстар енгіземін.

Тапсырыс беруші: Н.С. Сабильянов

Абай облысының бірмандаттық №8 аумақтық сайлау округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Нұртай Сабильяновтың сайлау қорынан төленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив