Қауіп төнген жерде қар түсірілді
Шығыс Қазақстан тауларында қар көшкіні қаупі сақталады. "Қазселденқорғау" мамандары құтқарушылармен бірлесіп, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында қар көшкіндерін профилактикалық түсіруді жүргізеді.
"Алдымен қар жамылғысының биіктігін, ауа мен қардың температурасы мен ылғалдылығын өлшеуді, қар жамылғысының тығыздығын анықтауды қамтитын мониторинг жүргізіледі. Ауыспалы және желді ауа-райының салдарынан пайда болған қар көшкіні қаупі бар ошақтарды біз "Өскемен-Горная Ульбинка-Северное" автожолының учаскесінде жарылыс жұмыстарын жүргізу арқылы жойдық, барлығы 2300 текше метр қар түсірілді. Автожолдың бұл учаскесі өте жанданған, мұнда күн сайын ондаған автомобильдер өтеді", - деп атап өтті"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.
"Қар көшкінінің түсу қаупі артып келеді, жылыну салдарынан қар ери бастайды, суға айналады. Оның үстінде қалған қатты қар жер бетіне жабыспай, осы су жастықшасында сырғана бастайды", - деп атап өтті "Қазселденқорғау"ШҚ филиалының мамандары
ШҚО ТЖД және "Қазселденқорғау" ШҚ филиалы қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады. Қар көшкіні қаупі кезінде ешбір жағдайда тауларға бармаңыз. Көптеген қар көшкіні қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардан өтіп бара жатқанда - тоқтамаңыз, қауіпті аймақтан тез кетіңіз.
Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса - ұялы телефоннан барлық шұғыл қызметтерді шақырудың бірыңғай нөмірі - "112".
Ауа-райы туралы "Дармен"мобильді қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.