Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.34 582.07 6.31

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Абай облысында жоғалған баланы іздеуге атсалысты

12-02-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Мерей Иманғали Аягөз қаласының маңынан табылды. Қатты боранның салдарынан адасып кеткен.

Кейіннен қарлы боран басылғанда шамдарды байқап, ауылға қарай беттейді, сол сәтте іздеушілер де алдынан шыққан екен.

– Ең бастысы, бәрі жақсы аяқталды. Рухы берік, қиын жағдайдан шығудың жолын іздеуді жалғастырған сегіз жасар оқушының төзімділігіне құрмет көрсету керек, – деп атап өтті 10810 бөлімі командирінің тыл жөніндегі орынбасары майор Нұрбол Нұрқанов.

Полициядан, ТЖ қызметінен, еріктілерден және сын сағатта бей-жай қарамайтын азаматтардан өзге баланы іздеуге Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінің 10 әскери қызметшісі және жол талғамайтын арнайы техника жұмылдырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив