Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Ұлттық қордан берілетін нысаналы жинақтар төлеміне жеке табыс салығы салынбайды

13-02-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов хабарлады. 

Сонымен қатар нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған жағдайда, оның есептелген қаражаты заң бойынша белгіленген мұрагерлеріне беріледі, олар оны басқа мақсатта пайдалана алады. 

«ҚР азаматтығы жоқ немесе азаматтығы тоқтатылған, азаматтар шетелге шығып, азаматтығын ауыстырған жағдайда, нысаналы талаптарды есептеу тоқтатылады және оның алдында есептелген сома басқа балалардың арасында бөлінеді, ал егер азаматтар шетелде уақытша тұрып, азаматтығынан айырылмаса, онда ақша есептеліп тұрады. Бұл төлемдер азамат 18 жасқа толған кезде беріледі», - деді спикер «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының шарттарына тоқтала келе.

Ұлттық қордан нысаналы жинақтар төлеміне төмендегідей шектеулерге тыйым салынады: банктік шоттардағы ақшаға тыйым салу немесе өндіріп алу; банк шоттардағы ақша қаражаттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; ақшаны жинақты алушының келісімінсіз алып қою; жеке табыс салығын салу.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив