Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

С. Жақыпова Қазақстандағы көші-қон процестерін цифрландыру туралы хабарлады

13-02-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) кеңейтілген Алқа отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова Қазақстандағы көші-қон процестерін реттеу және цифрландыру туралы баяндады.

Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде өткен жылы 7 бағыт бойынша жұмыстарды көздейтін 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы әзірленгенін және қабылданғанын еске салды.

Еңбекмині басшысы көші-қон процестерін реттеу жүйесін цифрландыру басым бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті.

«Мигранттардың қозғалысын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру жоспарлануда. Бұл біздегі барлық шетелдік жұмыс күшін автоматтандыруды және цифрлық есепке алуды қамтамасыз етеді. Міндетті ЖСН қалыптастыруды бір мезгілде енгізу шетелдік тұлғаның еңбек шарттарын және уақытша тұруға ықтиярхаттарын уақтылы тіркеуге мүмкіндік береді», – деді министр.

Ішкі және этникалық көші-қон саласында қабылданған шараларға қарамастан, солтүстік және оңтүстік өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімсіздік проблемалары әлі де сақталуда.

Бейімделу проблемаларын шешу үшін келу өңірінде қоныс аударушыларды сүйемелдеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының жаңа алгоритмі әзірленді. Ол жергілікті қоғамдастыққа тиімді интеграциялау үшін отбасын, оның ішінде балаларды, сондай-ақ әлеуметтік, денсаулық сақтау және білім беру қызметтерін қоса алғанда, 25 бейімделу және интеграциялық қызметтерді қамтиды. Қызметтерді қоныстандыру өңірлеріндегі мансап орталықтарының қызметкерлері көрсететін болады. Қоныс аударушылардың бейімделуін бақылау аймаққа келгеннен кейін 5 жыл ішінде Отбасының цифрлық картасы және мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылады.

«Жаңа алгоритм Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында сәтті қолданылуда, ол қандастар мен қоныс аударғандар арасында сұранысқа ие. Сондықтан алдағы уақытта пилотты басқа өңірлерге де масштабтауды жоспарлап отырмыз», – деді Светлана Жақыпова.

Министр бұған дейін еңбек көші-қоны саласында шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғау мәселесі еш қарастырылмағанын атап өтті. Заңсыз көші-қонның көбеюі және отандастарымыздың құқықтарының бұзылуы олардың еңбек құқықтарын қорғаудың тиімді тетігін енгізуді талап етеді.

«Бүгінде басқа елдерде жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты 8 жаңа үкіметаралық келісімге қол қою жұмыстары жүргізілуде. Қазақстанды Оңтүстік Кореяның жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне (EPS) енгізу бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Сондай-ақ, біз Қазақстан азаматтарының шетелде заңды еңбек қызметін ұйымдастыру үшін жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», –  деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив