Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Платформалық жұмыспен қамтуды заңнамалық реттеу мәселелері қаралды

21-02-2023, 13:02 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі-Еңбекмині) бірінші вице-министр Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен платформалық жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен Wolt компаниясы өкілдерінің жұмыс жиналысы өтті.

Мемлекеттік органдар тарапынан іс-шараға Еңбекмині, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты.

Жиналысты аша отырып, Ақмәди Сарбасов Қазақстанда, әсіресе такси және курьерлік жеткізу қызметтері саласында платформалық жұмыспен қамтудың белсенді дамуын ескере отырып, мемлекеттік органдар платформалық жұмыспен қамтуды дамыту үшін кедергілер мен шектеулер жасамай, интернет-платформаларда жұмыс істейтін адамдарды қолданыстағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне ресімдеу және тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Жақын арада заңнамаға интернет-платформа операторы, тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы өзара қарым-қатынасты нақты реттейтін түзетулер қабылданады деп күтілуде.

Ақмәди Сарбасов жұмыстың тағы бір негізгі кезеңі ҚР Салық кодексінде жаңа жеңілдетілген салық режимін және платформалық жұмыспен қамтылғандар үшін қарапайым тіркеу рәсімін енгізуді белгіледі.

«Салықтық әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды бастау қажет, оның шеңберінде интернет-платформалар операторының орындаушылар үшін салық міндеттемелерін орындауы сынақтан өткізілетін болады», – деп атап өтті вице-министр.

Кеңеске қатысушылар интернет-платформаларды пайдалана отырып қызметтер көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру үшін одан әрі өзара іс-қимыл, оның ішінде техникалық интеграция бөлігінде өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив