Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Үкіметте Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмасының орындалу барысы қаралды

21-02-2023, 13:34 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалу барысын қарады.

Президент мемлекеттік қолдау шараларын алуға лайықты бәсекеге қабілетті шағын және орта кәсіпорындарды айқындау мақсатында мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын ұсынуды реттейтін базалық өлшемдерді тиісті нормативтік құқықтық актілерге енгізуді тапсырды.

Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық шаралары сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шеңберінде несиелеуді және ішінара кепілдік беруді көздейді.

Сондай-ақ жиын барысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында биыл 17 ақпанда Үкіметтің қаулысы қабылданғаны айтылды. Қаулыда Ұлттық жобаны іске асыру аясында мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілген. Одан бөлек, еңбекақы қорының өсуі мен салық шегерімдерін ұлғайту үшін міндетті шарт қарастырылған.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында субсидиялау мерзімін 7 жылға дейін арттыру және сыйақы мөлшерлемесін саралау мәселесін талқылады.

Жиын соңында Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік орган басшыларына бірқатар тапсырма берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив