Көкпекті ауданында көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Көкпекті ауданында бүгінгі күні қажетті мөлшерде инертті материалдар дайындалған. Инертті материалдар Көкпекті ауылында «Көкпекті жолдары» ЖШС-нің базасында сақталған, мөлшері 150-200 тонна.
Ауданда 16 мотопомпа бар оның ішінде 10 ауылдық округ әкімдерінің теңгерімінде, 3-і аудандық әкімшілікте, 3 мотопомпа аудандық өрт сөндіру бөлімінде. Мотопомпаларға арналған жеңдер толығымен алынған.
Қазіргі таңда ауданда көктемгі су тасқынының алдын алу үшін 7 мың дана қап сатып алынып, 5 тонна АИ-92, 5 тонна дизель отынына мемлекеттік сатып алу жүргізілді.
Аудан бойынша сыйымдылығы 150 адамға дейін эвакуациялық пункттер дайындалған. Атап айтқанда, Преображенка орта мектебі, «Талап». және «Елім-ай» қонақ үйлері.
Барлық ауылдық округтерде тәулік бойы кезекшілік 1 наурыздан бастап ұйымдастырылады.
Анықтама үшін:
Аудандық метеостанцияның мәліметі бойынша қар жамылғысының биіктігі 65-70 см. құрайды. Таулы жерлерде қар жамылғысының биіктігі 80 см. шамасында болса, жер тоңының қатуы 60 см шамасында. Былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 есеге көп.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі