«Жасыл даму» АҚ 2024-2026 жылдары қоршаған ортаны жақсартуға 200 млрд. теңге бағыттайды
«Жасыл даму» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы Қазақстан Республикасында қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу технологияларын енгізу, қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу, қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған, қалдықтарды басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру жобаларына 200 млрд теңге бөлу көзделген.
Қаржыландыру сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3% - дан аспайтын 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге қайтарымды қаржы болып табылады.
«Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасында қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту және қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру мақсатында Экологиялық кодекске сәйкес кәдеге жарату төлемі түріндегі банктік шотқа өндірушілер мен импорттаушылардан түскен қаржыны бағыттай алады.
Бұл шара 2030 жылға қарай 40% және 2050 жылға қарай 50% көлемінде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің деңгейін арттыру мақсатында және Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асырудағы тағы бір қадам болып табылады.