Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
487.02 552.23 6.51

Көкпекті ауданында ТЖ режимі тоқтатылмады

19-02-2024, 17:52 018.kz

Аудандық метеостанцияның мәліметі бойынша қар жамылғысының биіктігі 95 см. құрайды. Таулы жерлерде қар жамылғысының биіктігі 1,5 м және кейбір елді-мекендерде (Биғаш ауылына апарар жол "Қаракезең" аумағында 3-4 м дейін) шамасында.

Бүгінде республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» автомобиль жолы, облыстық маңызы бар «Көкпекті-Васильев өткелі» және аудандық маңызы бар «Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы», «Преображенка-Теректі -Шұғылбай» және «Көкпекті-Биғаш», «Көкпекті-Ақтас-Толағай» ауылдары арасындағы жолдары толықтай қардан тазартылды. Қазіргі таңда, Көкпекті-Ұзынбұлақ, Ажа ауылына кіре беріс және Биғаш -Егінбұлақ аудандық маңызы бар автомобиль жолдары қардан ашылып жатыр.

Аталған жол учаскелерінде 14 техника және 22 адам жұмыс істеуде. Ауданда жолда қалған жолаушыларды орналастыру үшін эвакуациялық пункттер толықтай дайын.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив