Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысы мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы өтті

20-02-2024, 11:43 Сабина Әлібек

Сессия отырысына Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Байбеков, әкім аппаратының басшысы Ж. Сәрсебаев, мәслихат хатшысы Қ. Сүлейменов және мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:

1. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 12/88-VIII «Абай облысының басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 

2. Абай облысы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы. 

3. 2024 жылға жергілікті атқарушы және өкілді органдардың қызметкерлеріне тұрғын үйді жалға алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған төлемдерді қамтамасыз ету туралы. 

4. Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы. 

5. Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы. 

6. Абай облысының Семей қаласындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы. 

7. Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы №8/43/VII «Абай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 

8. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/15-VIII «Абай облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Аталған күн тәртібі талқыға түсіп, депутаттардың ашық дауыс беруі арқылы шешімдер қабылданды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив