Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
443.37 474.49 4.83

АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ

7-02-2024, 20:00 Сабина Әлібек

Интернет ғасырында - дәстүрлі БАҚ емес, әлеуметтік медиа бүгінде негізгі ақпарат көздеріне айналғаны анық.

Өңірлердің және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен өткен кеңейтілген отырыстың бірінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті атқарушы органдарға халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшуді тапсырды. Президент қарапайым адамдардың әлеуметтік әл-ауқатын білу және оған уақтылы жауап беру өте маңызды екенін атап өтті.

«Әкімдер халықтың сұраныстарына жедел ден қойып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу маңызды: мессенджерлерде топтар құру, жүргізіліп жатқан саясатты қол жетімді түсіндіру, жағдайды модерациялау және басқару»,-деп Президент әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге баса назар аударды.

Бұл әрбір шенеунік әлеуметтік желілерде белсенді болуы керек дегенді білдіреді. Президенттің тапсырмасын назарға ала отырып, Абай облысындағы қала мен аудан әкімдерінің әлеуметтік желілердегі белсенділігінің рейтингі шығарылды. Аталмыш рейтингті «Abay Media Group» ЖШС қарасты ақпараттық-аналитика бөлімінің мамандары дайындады. Рейтинг аудан әкімі мен әкімдіктердің әлеуметтік желідегі белсенділіктері бойынша арнайы әзірленген критерийлер формуласы бойынша есептелді.

ҚАЛАЛАР МЕН АУДАНДАР ӘКІМДЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ БЕЛСЕНДІЛІГІ БОЙЫНША РЕЙТИНГІ (ҚАҢТАР АЙЫ БОЙЫНША)

Әкімдер арасында көшбасшылар мен аутсайдерлер анықталды.

Бірінші үштік рейтинг көшбасшылары:

1) Нұрбол Төлегенұлы Нұрсағатов

2) Ділдәбек Тәжібайұлы Оразбаев

3) Қанат Серікқанұлы Әділбай

Орташа рейтинг:

4) Ақылбек Жұмабекұлы Башимбаев

5) Талғат Батырұлы Мұратов

6) Мейіржан Серікбосынұлы Смағұлов

7) Жаркынбек Борашұлы Байсабыров

Аутсайдерлер:

8) Болат Тансыкбайұлы Әбдірәлиев 

9) Айдар Маратұлы Ибраев

10) Асхат Сайдахметұлы Смаилов

1. Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы – Семей қаласының әкімі.

Бірінші орында, 1587,4 ​баллмен Семей қаласының әкімі - Нұрбол Нұрсағатов тұр. Қала тұрғындарын өткен айда «Amanat» партиясының филиалында қабылдаса, бұл айда тұрғындармен Абай облысының азаматтарды қабылдау орталығында кездесті. Онда әкімнің назары баспанаға мұқтаж жандарға түскен. Әкім парақшасынан Семейдің коммуналдық қызметтері көшелерді жауған қардан тазалау жұмыстарын таңғы сағат 4:00-ден бастап жүргізгеннін көруге болады. Ардагерлермен кездесу өткізіп, бірқатар еңбегі сіңген ардагерлер «Қалаға сіңірген еңібегі үшін» төсбелгілерімен, «Құрмет» грамотасымен және алғыс хаттармен марапатталды. Қаңтар айында халыққа арнайы көтерме бағадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесін өткізді. Сонымен қатар, әкім өз парақшасында жастарды қолдауға бағытталған орталық ашу туралы жоспармен бөлісті. Демек, жақын арада жастар үшін жақсы жаңалық болмақ. Қаңтар айында халыққа арнайы көтерме бағадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесін өткізді. Сонымен қатар, әкім өз парақшасында жастарды қолдауға бағытталған орталық ашу туралы жоспарымен бөлісті. Демек, жақын арада жастар үшін жақсы жаңалық болмақ. Әкімнің төрағалығымен алаяқтықтың алдын алу бойынша жиын өтті. Күнделікті арықтарды тазарту жұмыстары жүргізіліп, көктемгі судың алдын-алу шараларын бастады. Қазіргі таңда «Қарағайлы» шағын ауданында 21 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Олардың барлығын әкім бақылап, құрылыс жұмыстарын тексеріп қайтты. Сонымен қатар, Нұрбол Төлегенұлының тапсырмасымен, көпшіліктің сұрауымен қаланың сол жағалауында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» бөлімшесі ашылды. Орталық 1 аптада 100-ден астам зейнеткерлік жастағы адамдарға қызмет көрсете алады. 

* Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Семей қаласының әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады. 

2. Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы – Көкпекті ауданының әкімі.

Екінші орында 1377,1 баллмен аутсайдерлер қатарынан үздік үштікке көтерілген Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы. Басқа әкімдер 2 қаңтар күні «Мерекеге қарамастан жұмыс істеп жатырмыз» деген жазба салса. Көкпекті аудандық әкімдігі аудандар арасында рекорд жасап 1-ші қаңтар күні қар тазалауға шыққан екен. Әкім алғашқы жұмыс күні-ақ ауылдарды аралап жолдарды қардан тазалау жұмыстары қалай жүріп жатқандығын бақылаған. Тұрғындар жазбаның астына пікір қалдырып, мәселелерін айтып жатса, әкім бірден жауап беріп, қандай шара қабылданатынын жазады. Ал кейбір әкімдер жазған пікірлерді оқымайтын да сияқты. Көкпектіге қар биыл қалың түскен сияқты, әкім парақшасына кірсек таңның атысы, кештің батысы, қар тазаланып жатқан бейнежазбалар мен суреттер толып тұр. Ділдәбек Тәжібайұлы ауылдарды қар басып кетпеуін қатаң бақылауында ұстап, тұрғындардың қатынауына немқұрайлы қарамайтынын байқадық. Одан бөлек, спорт кешендеріне, ауыл мектептеріне барып, онда мекемелердің материалдық-техникалық базасын, оқу парталары мен орындықтарды жаңартуды тапсырды. 

* Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Көкпекті ауданының әкіміне ұсыныс: желідегі ресми парақшаларын белсенді жүргізу ұсынылады. 

3. Әділбай Қанат Серікқанұлы – Аягөз ауданының әкімі.

Үшінші орынға 1036,4 баллмен Аягөз ауданының әкімі Қанат Серікқанұлы тұрақтады. Аудан әкімі жаңа жылды ауылдық округ әкімдерін қабылдаудан бастап кетті. Мысалы 5 қаңтар күні Мыңбастау ауылдық округі әкімінің жоспарымен танысты. Әкім қабылдауында тек округ әкімдері ғана емес, мектеп директорлары да болған. Олар да оқушылардың оқу үлгерімдерімен бөліскен. «Азық-түлік бағасын негізсіз көтеруге жол жоқ»- деп қаланың сауда үйлеріне барып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына бақылау жасады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Салихұлы Аягөз ауданына да барды. Ол мұнда «Қуаныш» ықшам ауданындағы әлеуметтік тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесіп, тұрғын үйлердің жай күйімен танысып, бірнеше ауылдарды аралап қайтты.  Мәжіліс депутатынан кейін әкім ауылдарды аралауға өзі шықты. Мысалы, Тарбағатай, Ақши, Сарыарқа, Қарағаш және басқа да ауылдарға барып, ауыл тынысын байқап, тұрғындармен кездесті.  

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Аягөз ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі ресми парақшаларын белсенді жүргізу ұсынылады.

4. Башимбаев Ақылбек Жұмабекұлы – Үржар ауданының әкімі

Төртінші орында 1023,8 баллмен Үржар ауданының әкімі Ақылбек Башимбаев. 2024 жылы қатарымызға тағы бір әкім қосылды. Бұған дейін Ақылбек Башимбаев Үржар ауданы әкімінің міндетін атқарған болатын. Ең бастысы парақшадан халықтың разылығын көрдік. Әкімдік парақшасында барлығы қуанып жатыр. Ақылбек Жұмабекұлы енді қаласаңыз да, қаламасаңыз да, инстаграм парақшаңызды ашып, оны жүргізуге тура келеді. Келесі айда рейтингте үздік үштіктің қатарынан көрінетініңізге тілектеспіз.

* Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Үржар ауданы әкімінің міндетін атқарушыға ұсыныс: желідегі ресми парақшаларын белсенді жүргізу ұсынылады.

5. Мұратов Талғат Батырұлы – Бесқарағай ауданының әкімі.

Бесінші орында 905,9 баллмен - Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Батырұлы тұрақтады. Қаңтар айында Бесқарағай ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Абай облысынан сайланған депутаты Қайрат Тастекеев барды. Ол бірқатар ауылдарды аралап, тұрғындармен кездескен.  Бесқарағай ауданы жыл басын қуанышты жаңалықтармен бастады. Онда 2 бірдей мәдениет ошағы ашылды. Оның біреуі Қоянбай ауылындағы 100 орындық ошақ болса, енді бірі Бөдене ауылының тұрғындарына арналған 70 орындық ауылдық клуб. Ауданның көпбалалы аналарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстады. Бесқарағай ауданы Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан аудан. Ел шекарасын берік ұстау міндет деп, Талғат Батырұлы шекарашылармен тілдесіп, бөлімшеінң хал ахуалын тексерді.  

* Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Бесқарағай ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі ресми парақшаларын белсенді жүргізу ұсынылады.

6. Смағұлов Мейіржан Серікбосынұлы – Абай ауданының әкімі.

Алтыншы орында 902,2 баллмен Абай ауданының әкімі Мейіржан Серікбосынұлы. Әкім жаңа жылдық демалыстан шыға сала бірден тұрғындарды жеке мәселелері  бойынша қабылдады.  Көкбай, Қарауыл  ауылдарын аралап, анықталған мәселелерді округ әкімдеріне тапсырды. Мысалы, былтырғы жылы жөнделген көше жарықтарының ішінде 20-ға жуығының жанбай тұрғаны белгілі болды. Жас әкім Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойын атап өту бойынша жоспарды үлкендермен ақылдасуды жөн көріп, ауданның үлкен ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. Әкім өз парақшасына Абай ауданында бөрілер қаптап, үй жануарларына шабуыл жасап жатқанын жазды. Сол себепті әкім дер кезінде аудандағы аңшылықпен айналысуға рұқсатнамасы бар адамдармен жиналыс өткізді. Бірақ, қандай шешім қабылданғанын жазбады. Одан бөлек әкім бұл айда балабақшаларды, ауруханалар мен спорт нысандарын аралап, ахуалын байқап қайтқан. Сонымен қатар айта кетерлік жайт Абай ауданында туризмді дамыту бойынша облыстық форум өтіп, оған облыстан келген делегация қатысқан. Ал, әкімнің жеке қабылдауына келетін тұрғындардың саны ай сайын өсіп жатыр. Мысалы соңғы қабылдауына 1 күнде 10 адам бірақ келген.  

* Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Абай ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

7. Байсабыров Жарқынбек Борашұлы – Жарма ауданының әкімі.

Жетінші орынға 791,1 баллмен Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Борашұлы тұрақтады. Ауданға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Салихұлы барып, Бірлік, Жаңаөзен, Аршалы ауылдарының тұрғындарымен кездескен. Әкім парақшасынан айтарлықтай жаңалық көрмедік, кесте бойынша тұрғындарды қабылдап, тұрақты түрде аппарат отырысын өткізген. «Ерте басталған істің есесі мол»,-деп Жарма ауданы көктемгі су тасқынын алдын алуға қаңтарда кірісіп кетті. Көпбалалы аналарды Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапаттады. 

* Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Жарма ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

8. Әбдірәлиев Болат Таңсықбайұлы – Курчатов қаласының әкімі.

Аутсайдерлер есігін бұл жолы сегізінші орындағы Курчатов қаласының әкімі Болат Тансықбайұлы ашады. Оның балл саны 741,7. Әкім сайлаудан кейін парақшасындағы басты суретін әлі өзгертпеген. Әкім жаңа жылдағы алғашқы жиналысын дербес бөлім басшыларымен өткізді.  Бір күнде 3 жиналыс өткізген әкім 2023 жылдың қорытындысы мен 2024 жылға арналған жоспарларды талқылаған. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының құрылғанына 32 жыл толуына орай Курчатов қаласында салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті. Қалалық мәдениет үйінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, әскери қызметкерлер мен еңбек ардагерлері бас қосып, алғыс хаттармен марапатталды. Бірақ, концерттен фото мен видео жоқ.  

* Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Курчатов қаласының әкіміне ұсыныс: желідегі ресми парақшаларын белсенді жүргізу ұсынылады.

9. Ибраев Айдар Маратұлы – Бородулиха ауданының әкімі.

Тоғызыншы орында 728,8 баллмен әкімдік Бородулиха ауданының әкімі Ибраев Айдар Маратұлы тұр. Айдар Маратұлы жақсы әкім болғанымен әлеуметтік желіге назар аудармайды. Сол себепті аутсайдерлер қатарындағы орындарын ғана ауыстырады. Қаңтар айында Бородулиха ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары барды. Тұрғындарды жеке қабылдау өткізіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан отбасыларының мүліктерін заңдастыру мәселесін қарастырды. Сонымен қатар, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевта Бородулиха ауданына барды. Сапар барысында өңір басшысы Новая Шульба ауылындағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ арнайы барып қайтты. Облыс әкімі мекеменің қазіргі жағдайымен танысып, көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған қызметкерлердің ұсыныстарын тыңдап, тәрбиеленушілермен тілдескен. Сондай-ақ, Жезкент кентінің тұрғындарын арнайы жылу, электр энергиясы, ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесіне жауапты кәсіпорын - «Востокэнерго» ЖШС мамандарымен кездестірген.  

* Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Бородулиха ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі ресми парақшаларын белсенді жүргізу ұсынылады.

10. Смаилов Асхат Сайдахметұлы – Ақсуат ауданының әкімі.

Оныншы орында 534,7 баллмен Ақсуат ауданының әкімі Асхат Сайдахметұлы. Әкім парақшасын жүргізеді-ау деген үмітімізді үздік. Таңғаларлығы әкім бұл айда бір де бір құттықтау салмаған. «Жаңа жыл ше?» деп ойласаңыз. Жаңа жылмен 31 желтоқсанда құттықтап тастаған. 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Ақсуат ауданының әкіміне ұсыныс: желідегі ресми парақшаларын белсенді жүргізу ұсынылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив