Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жаңасемей ауданының құрамына қандай ауылдар енді

20-02-2024, 13:10 018.kz

Жаңасемей ауданының әкімшілік орталығы Семей қаласының (Жоламан ауданы) аумағында орналасатын болады.

Ауданға 12 ауылдық округ (Абыралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Алғабас, Ертіс, Новобаженово, Озерка, Приречный, Жиенәлі, Достық, Қараөлең, Көкентау), 30 елді мекен және 2 кент (Шүлбі және Шаған) кіреді.

Семей қаласынан Жаңасемей ауданының ауылдарына дейінгі қашықтық 15-тен 90 км-ге дейін (Мұқыр ауылы - 15 км, Приречное ауылы - 23 км, Озерки ауылы - 25 км, Чекоман ауылы - 25 км, Бөкенші ауылы - 45 км, Шүлбі ауылы - 58 км, Көкентау ауылы-60 км, Шаған к. - 70 км, Жазық ауылы - 90 км).

Жаңесемей ауданының халық саны 20,5 мың адамды құрайды, аумақтың жалпы ауданы - 2 708,32 мың га.

Ауданның өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту үшін қолайлы. Ауданда өнеркәсіп салаларының 7 ірі және орта кәсіпорындары жұмыс істейді: «Қаражыра» ЖШС (көмір өндіру), «ФИК Алел» АҚ (құрамында алтын бар кенді өндіру және өңдеу), «Шүлбі ГЭС» АҚ (электр энергиясын өндіру), «ARX MINERALS» ЖШС (құрамында мыс бар кендерді өндіру және өңдеу), «Прииртышская бройлерная құс фабрикасы» ЖШС, «Агрофирма Приречное» ЖШС.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін: халықтың өмір сүру сапасын арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру, халық үшін көрсетілетін қызметтерді алудың барынша қолайлылығы мен қолжетімділігі мәселелері шешілетін болады.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив