Мақаншы ауданының әкімі тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің және Мақаншы ауданы мәслихатының келісімен, облыс әкімінің өкімімен Қойгельдин Дәурен Бақытжанұлы Мақаншы ауданының әкімі болып тағайындалды.
Дәурен Бақытжанұлы 1984 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақ қаржы-экономикалық академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу бітірген.
Әр жылдары Көкпекті аудандық мәслихатының аппаратында түрлі лауазымдарда болды. 2011 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген.
Қазіргі лауазымға дейін Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары болды.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі