Абай облысы әкімі Мақаншы ауданының активімен кездесті
Абай облысының әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен араға ширек ғасырдан астам уақыт салып қайта құрылған Мақаншы ауданына арнайы келді.
Нұрлан Ұранхаев ауданның активімен кездесу өткізіп, ҚР Президент Әкімшілігінің, Мақаншы ауданының мәслихат депутаттарының келісімімен және облыс әкімінің өкімімен, Мақаншы ауданының әкімі лауазымына тағайындалған Дәурен Бақытжанұлы Қойгельдинді таныстырды.
Дәурен Бақытжанұлы – тәжірибесі жеткілікті, білікті маман. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Еңбек жолын, Көкпекті аудандық мәслихатында бас маман ретінде бастап, мемлекеттік қызметтің барлық баспалдағын кезең-кезеңімен өтті. Ауылдық округ әкімі болған.
Тағайындалғанға дейін Дәурен Қойгельдин Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары ретінде қызмет атқарып келді.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі