Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізілді

21-02-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Абай облысы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру, 2024 жылға арналған жергілікті атқарушы және өкілді органдардың қызметкерлеріне тұрғын үйді жалға алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған төлемдерді қамтамасыз ету мәселесі қарастырылды.

Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізілді. Нақтырақ айтсақ, Ортаарал ауылы таратылып, есептік деректерден алып тастала отырып, оның аумағы Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылының әкімшілік құрамына, Ақшоқы ауылы таратылып, оның аумағы Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылының әкімшілік құрамына, Ай ауылы таратылып, оның аумағы Нарын ауылдық округінің Шыңқожа ауылының әкімшілік құрамына енгізіледі.

Жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков күн тәртібінде қарастырылған мәселелердің шешімі алдағы уақытта тиімді жұмыс атқаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Бүгін Абай облысының басқару схемасы бекітіліп, облыс әкімдігінің дербес құрамы келісілді. Аягөз және Бескарай аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар кеше ғана жеке бөлінген Семей қаласындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері енгізілді. Бұл шешімдер алдағы уақытта біздің тарапымыздан тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретіні сөзсіз», - деді Шалқар Байбеков.

Көтерілген мәселелер бойынша тиісті мекемелерге сауалдар жолданды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив