Теолог маман сарбаздармен кездесті
Аягөз гарнизонындағы 10181 әскери бөлімінің сарбаздарымен "Әскер және дін" тақырыбында сабақ өткізілді.
Аталмыш іс шараға шақыртылған Аягоз ауданының дін мәселелер зерттеу орталығының теолог маманы Ербол Қабылханов қазіргі таңдағы деструктивті діни ағымдар жайында және этносаралық келісімді сақтау мәселелері жөнінде түсіндірді.
Сонымен қатар қазіргі уақыттағы жас сарбаздар арасындағы ең өзекті мәселелердің бірі өз-өзіне қол жұмсау мәселесінде тілге тиек етті. Арнайы маманның қатысуымен өткен сабақ барысында жас сарбаздар жиын тақырыбына қызығушылығын білдіріп, белсене қатысып отырды.
Сабақ соңында әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ержан Кошкаров әскерде діни жөн-жоралғыларға шектеу бар екендігі жайлы мәліметтерді жеткізіп, теолог маман мен сарбаздар сауалдарына жауап берді.
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі