Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы меморандумды ратификациялау үшін нормативтік-құқықтық акт жобасы дайындалды
Қорғаныс министрлігі «БҰҰ-ның бөлінген жерлерді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурстар ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
ҚР Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға 2024 жылғы 14 ақпанда Нью-Йоркте қол қойылды. Құжат Қазақстан Республикасының Ұлттық контингентін БҰҰ-ның Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясына жіберу үшін құқықтық негіз құруға бағытталған.
Ұйымның миссияларына қатысу Қазақстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің жауынгерлік дағдыларын жетілдіруге ықпал ететін болады.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 6 наурызына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14949935 сілтеме бойынша танысуға болады.