Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

Отбасылы болуды жоспарлау тақырыбында тренингтер өтті

22-02-2023, 10:12 Думан Кенжеғазыұлы

20-21 ақпан күндері Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қорымен (ЮНФПА) бірлесіп, отбасылы болуды жоспарлау мәселелері турасында сараптамалық кездесу және фокус-топ өткізді.

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, ЮНФПА, Ішкі істер және азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының, тиісті салалардағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, гендерлік және әлеуметтік саясат, әлеуметтану, психология, жыныстық және репродуктивті денсаулық саласындағы сарапшылар қатысты.

Кездесу барысында гендерлік теңдік, үй іші (тұрмыстық) тірлігі және ата-ана міндеттерін бөлу, отбасылы болуды жоспарлау және ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау мәселелері бойынша некеге тұрған ерлі-зайыптыларға кеңес беру мен ақпараттандырудың тұрақты тетіктерін құру қажеттілігі талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив