Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

БиоЭС түрі бойынша ЖЭК аукциондық сауда саттығы өтті

28-02-2024, 12:46 Мадина Айдарова

2024 жылғы 27 ақпанда жиынтық белгіленгенқуаты 10 МВт БиоЭС құрылысына жобалардыіріктеу бойынша ЖЭК аукционы өткізілді.Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 3 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 4 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 13 МВт құрады.БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2024 жылы 32.23 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 32.23-тен 32.03 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгіленген қуатты іріктеу көлемі 10-нан 10.6 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып келесі компаниялар анықталды:

«ZOR-Biogas» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 2.4 МВт, аукциондық бағасы 32.03 тг / кВт*сағ (ҚҚС-сыз);

«Apfel Alatau» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 3.4 МВт, аукциондық бағасы 32.08 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);

«Zor Fish» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4.8 МВт, аукциондық бағасы 32.13 тг / кВт*сағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «KAZENERGY» ЗТБ, «Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты.Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.Сондай-ақ, БиоЭС түрі бойынша жиынтық белгіленген қуаты 10 МВт аукцион бұрын өткізілген (2023 жылғы 30 қараша) аукцион өткізілмеді деп танылғанына байланысты қайтаөткізілді.ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ .

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив