Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
538.63 622.23 6.71

Семейде «Қауіпсіз жол» ЖПІШ аясында 279 бұзушылық анықталды

22-02-2023, 13:59 Думан Кенжеғазыұлы
20-24 ақпан аралығында ЖҚЕ бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Абай облысының аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық ЖПІШ өтуде. 
 
Аталған іс-шара барысында 279 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, 45 жүргізуші жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 593-бабы бойынша жауапқа тартылды, 3 жүргізуші мас күйінде көлік құралдарын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 16 азамат телефонды пайдаланып көлік құралдарын басқарған, 7 жүргізуші бағдаршамның тыйым салу сигналын елемесе, 25 бұзушылық жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін тіркелді, 9 азамат ҚР ӘҚБтК 590-бабы 9-бөлігі бойынша техникалық байқаудан өтпегені үшін жауапқа тартылды.
 
Көлік құралдарын қайта жабдықтаудың 1 фактісі анықталды, 3 азамат көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, көлік құралын басқару құқығынан айырылған 1 азамат ҚР ӘҚБтК 612-бабы 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив