Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.34 640.73 6.53

Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның «BBB-/А-3» деңгейіндегі егеменді кредиттік рейтингін, «Тұрақты» болжамын растады

2-03-2024, 12:46 Мадина Айдарова

Ықтимал сыртқы тәуекелдер үшін жеткілікті резервтерді қамтамасыз ететін Қазақстанның фискалдық және сыртқы баланстарының орнықтылығы ел рейтингін қолдаудың негізгі факторлары болып қала беруде.

S&P сарапшылары экономиканың өтімді сыртқы активтері алдағы бірнеше жылда сыртқы борыштан айтарлықтай асып түседі деп болжайды.

Есепте экономиканың өсуі құрылыстағы, өнеркәсіптегі, саудадағы, ақпарат пен байланыстағы белсенділікке байланысты екендігі атап өтілді.

Сонымен қатар, cарапшылар инфрақұрылымды дамытуды және одан әрі әртараптандыруды қоса алғанда, Үкіметтің ынталандырушы шараларын атап өтті.

S&P экономикалық реформалардың жалғасуы және мемлекеттік шығыстардың орташа өсуі 2024-2027 жылдардағы тапшылықты азайтады деп күтеді.

ҚР Үкіметі инвестициялық сенімділік деңгейінде егеменді рейтингті сақтау бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив