Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

ҚР ҰЭМ мен ЭЫДҰ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

22-02-2023, 16:12 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров ЭЫДҰ корпоративтік басқару және корпоративтік қаржы департаменті басшысының орынбасары және аға экономисі Ханс Кристиансенмен кездесу өткізді.

Тараптар ҚР Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы Келісімнің іске асырылу барысын, оның ішінде техникалық және талдамалық қолдауды талқылады. Мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғалардың корпоративтік басқаруына Шолу жүргізу жоспарларын қарастырды.

Сонымен қатар, қатысушылар алдағы іс-шаралар мен Қазақстанның ЭЫДҰ-ның корпоративтік басқару жөніндегі басшылық қағидаттарына қосылуы жөніндегі жұмыс жоспарларын талқылады. 2022 жылдан бастап ЭЫДҰ сарапшыларымен бірлесіп, осы бағытта бірқатар семинарлар өткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив