Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

248 қазақстандық «Stipendium Hungaricum» бағдарламасы аясында оқуға түсуге ұсынылды

2-03-2024, 16:41 Мадина Айдарова

ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен Үкіметаралық гранттар бойынша қорытынды комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия шешімімен 248 қазақстандық Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды.

«Stipendium Нungaricum» стипендиялық бағдарламасының конкурстық іріктеуіне 1141 үміткер қатысты.

Қорытынды комиссия үш критерийді бағалау нәтижесі бойынша ең жоғары орташа баллы бар үміткерлерді тізімге қосты: шет тілін меңгеру деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға. Конкурстық іріктеуде баллдар теңдігі болған жағдайда, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтар санатынан, сондай-ақ ауылдық елді мекендерден тапсырған үміткерлерге басымдық беріледі.

«Stipendium Нungaricum» білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешім Мажарстан тарапынан қабылданады.

Ұсынылған үміткерлер тізімімен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ bolashak.gov.kz сайтында танысуға болады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ үкіметаралық гранттардың әкімшісі бола отырып, өтінімдерді қабылдайды және үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив