Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.77 541.36 5.41

Сенаторлар Палата отырысының күн тәртібін бекітті

4-03-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 7 наурыз күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Бұл құжат халықаралық іскерлік операцияларда мемлекеттік кірістің жоғалуын болдырмауды көздейді.

Сондай-ақ заң нормалары капиталды шығаруды бақылау тетіктерін күшейту үшін тараптардың өзара байланыстылығын анықтау жолдарын кеңейтеді.

Одан бөлек, Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.

Суретті түсірген: Н. Байбулин

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив