Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қазақстан Сыртқы істер министрі ИЫҰ Бас хатшысымен кездесті

4-03-2024, 17:52 Мадина Айдарова

2024 жылғы 4 наурыз – Джиддаға жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Хиссейн Брахим Тахамен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар өзекті халықаралық мәселелер мен ислам әлеміндегі ағымдағы ахуал бойынша пікір алмасты, сондай-ақ Қазақстан мен Ұйым арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы, «ИЫҰ-15 диалог алаңы», Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік мекемесін құру және т.б. сияқты ИЫҰ шеңберінде ұсынылған қазақстандық бастамалардың іске асырылу барысы қаралды.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ислам ынтымағын нығайтудағы ИЫҰ Бас хатшылығының маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстанның осы Ұйыммен ынтымақтастығына ерекше көңіл бөлетінін айтты.

Өз кезегінде Х.Таха Қазақстанның ИЫҰ қызметіне қосқан үлесін және ұйымның бастамаларын қолдау жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады. Бас хатшы Ұйымның Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге деген ұмтылысын ерекше атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив