Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Әйелдер құрамасы – орталық Азия чемпионатының жеңімпазы

5-03-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

26 ақпан мен 3 наурыз аралығында Өзбекстанның Әндіжан қаласында көгалдағы хоккейден ерлер мен әйелдер арасындағы орталық Азия елдерінің чемпионаты өтті.

Азия хоккей федерациясы (AHF) ұйымдастырған биылғы бәсекеде ерлер арасында Қазақстан, Қырғызстан, Оман, Тәжікстан, Өзбекстан командалары сынға түсті. Ал әйелдер арасында Қазақстан, Оман, Тәжікстан, Өзбекстан құрамалары кім мықтыны анықтады.

Нұржан Бейбітов баптайтын еліміздің әйелдер құрамасы алғашқы ойында Тәжікстанды 13-1 есебімен ойсырата жеңді. Сосын, Өзбекстан хоккейшілерімен тең түскен (1-1). Ал жарыс қожайындарымен болған екінші матчта Ұлттық құрама 2-1 есебімен жеңіп, топ жарды.Қазақстанға Виктория Ляпинаның дублі шешуші кездесуде бас жүлде алып келді.

Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалда қарсыласқа жол беріп, қола медаль алды. Мұнда бас жүлде финалда Тәжікстаннан басым түскен Өзбекстанның еншісінде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив