Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

6 наурыз сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

5-03-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Депутаттар «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді, сондай-ақ Салық кодексіне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарайды.  

Парламент депутаттары бастамашы болған кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы да бірінші оқылымда талқыланады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Сенат енгізген түзетулер де күн тәртібінде.

Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, 24KZ және Jibek Joly телеарналарынан көре аласыздар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив