Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

Қазақстан мен Алжир екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

6-03-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Джидда қаласындағы ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс сессиясы аясында Алжир Халық Демократиялық Республикасының Сыртқы істер және шетелдегі ұлттық қоғамдастық министрі Ахмед Аттафпен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Министр М. Нұртілеу екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін әлеуеті зор екенін атап өтті.

Осы тұрғыда тараптар іскер топтар арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру мақсатында Үкіметаралық комиссия құрудың, сондай-ақ көлік-логистикалық мәселелерді шешу үшін «Орта дәлізді» қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив