Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.02 536.18 5.54

Қазақстан СІМ басшысы Сьерра-Леоне Сыртқы істер министрімен кездесті

6-03-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Джидда қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Тимоти Каббамен кездесті.

Тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын анықтау үшін сыртқы саяси ведомстволардың өзара іс-қимылын жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда тараптар Дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қоюды құптады.

Дипломаттар IT, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді, халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара қолдау туралы уағдаласты, сондай-ақ өзара іс-қимылдың барлық салаларын нығайтуға ниетін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив