Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізіледі

6-03-2024, 16:41 Мадина Айдарова

ҚР Қарулы күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрық жобасын дайындады.

НҚА жобасымен «Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 350 бұйрығынан 31-тармақ алынып тасталады. Ол дайындық бағдарламасын ақылы негізде аяқтағаннан кейін әскерге шақырылушыларды (әскери міндеттілерді) әскери ант беруге қатысты.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 18-бабы 4-тармағына сәйкес, «Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халқына адал болуға әскери ант береді. Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери міндеттілер оны әскери жиындарға шақыру кезінде және жұмылдыру бойынша қабылдайды. Әскери кафедралардың студенттері оқу-жаттығу жиындарынан өту кезеңінде әскери ант береді».

Бұдан басқа, қорғаныс ведомствосы басшысының «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы» 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгеріс енгізіледі. Бұл әскери оқыту резерві бағдарламасы бойынша азаматтарды даярлауды оқыту құнына қатысты және коммуналдық қызметтерге, байланысқа, күзетке және автоматты өрт дабылына қызмет көрсетуге арналған тарифтердің өсуіне байланысты. Жаңа калькуляция бойынша әскери-техникалық мектептің филиалдарында оқу құнын 305 мың теңгеден 370 мың теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 20 наурызына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14967499

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив