Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатады

7-03-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын орналастырды.  

Келісімге қол қоюдың мақсаты азаматтық тұлғаларға зейнетақы төлемдерін тағайындау бөлігіндегі қатынастарды реттеу болып табылады. Ынтымақты зейнетақы саласында – бұл еңбек өтілін өзара есепке алу, сондай-ақ әскери қызмет және жоғары оқу орындарында оқу кезеңдерін еңбек өтіліне есепке алу.

Сонымен қатар Келісімде ынтымақтастықтың жаңа түрі жинақтаушы зейнетақы экспорты да қарастырылған.  

ҚР Үкіметі қаулысының жобасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14971826.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив