World Space Olympiad: инженерлік жарысқа тіркелу
World Space Olympiad - оқушылар арасындағы ғарыштық технологиялар саласындағы дағдылар мен білімді дамытуға бағытталған беделді инженерлік жарыс.
Олимпиадаға қатысушылар өздерінің қабілеттері мен инновациялық инженерлік әзірлемелерін көрсете алатын бірнеше санаттар кіреді. Финал 2024 жылдың маусым айында Астана қаласындағы Nazarbayev University-те өтеді.
Жарыс Санаттары:
- CanSat: 7-12 сынып оқушылары борттық компьютермен жабдықталған зымыран моделін жасау үшін 2 немесе 3 адамнан тұратын командалар құрады. Үздік жобалар жарыстың ақтық кезеңінде ұшырылуға мүмкіндікке ие болады.
- Inventors: 5-8 немесе 9-12 сынып қатысушылары жеке немесе 3 адамға дейінгі топтарда Arduino, LEGO немесе кез келген басқа платформалар негізінде жасалған инженерлік жобаларын ұсынады. Жобалар ғарыштық технологияларды қолдана отырып, жаһандық мәселелерді шешуге бағытталуы керек.
Арнайы номинациялардың иегерлері және жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, жетекші университеттердің гранттарымен және ғарыш компанияларындағы тағылымдамадан өту мүмкіндігімен марапатталады.
World Space Olympiad-қа тіркелу 1 сәуірге дейін ашық. Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін жарыстың ресми сайтына өтіңіз: www.wso.rocks
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекҚазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіShakarim University ректоры Думан Орынбековпен сұхбат