Абай облысында 5 жаңа спорт нысаны салынады
Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері ӨКҚ алаңында жылдың спорттық нәтижелері мен 2024 жылға арналған жоспарлары туралы айтып берді.
Бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Жүнісов өз сөзінде биылғы жылы балалар және бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
Дене шынықтыру, жоғары спорттық жетістіктері және спорт резерві бөлімінің басшысы Марлен Маратов жаңа спорт нысандарының пайда болуымен қатар спортпен шұғылданатын адамдардың саны айтарлықтай өскенін атап өтті.
Өткен жылы спортпен тұрақты айналысатын азаматтарды қамту 42 пайызды құрап, 4 пайызға өсті, - деп нақтылады ол.
2024 жылы 5 нысанның құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, олар Курчатов және Шар қалаларында, Бесқарағай, Петропавловка және Қалбатау ауылдарында салынады.