Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Семей қаласының Полиция басқармасы ескертеді

23-02-2023, 14:54 Думан Кенжеғазыұлы

Құрметті Семей қаласының тұрғындары, Абай облысы ПД Семей қаласы Полиция басқармасының Әуезов ПБ Сіздерге қазіргі таңда алаяқтық жасаудың ең кең тараған тәсілі ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ болып табылатынын ескертеді.


Қаскөйлердің қазіргі айласы - азаматтардың қарызға несие рәсімдеулері, шабуылдаушылар өтірік банк қызметкерлері ретінде азаматтарға қоңырау шалып, белгісіз адамдар Сіздің атыңызға несие рәсімдеуге тырысуда деп жеткізеді.


Сондай-ақ, алаяқтар әртүрлі «АnyDesk, TeamViewer» сияқты мобильді бағдарламаларды жүктеуді сұрайды, оның көмегімен Сіздің жеке шоттарыңызға қол жеткізе алады, осылайша қарақшылар ақшаңызды үшінші тұлғаларға аударып жібереді.


Осыған байланысты Сіздерден, белгісіз тұлғаларға қоңырау шалған кезде өздеріңіздің дербес деректеріңізді, банктік деректемелерін және басқа да мәліметтерді бермеулеріңізді сұраймыз. Сондай-ақ, белгісіз адаммен сөйлескенде, әңгімені дереу тоқтатып, банк менеджеріне қоңырау шалыңыз және банк карталарын бұғаттап, кейін полицияға хабарлаңыздар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив