Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
460.13 532.6 5.42

Бақты ауылындағы жағдай бақылауда

17-03-2024, 09:45 Мадина Айдарова

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев көктемгі су тасқынының алдын алу іс-шараларының барысымен танысу үшін Мақаншы ауданы Бақты ауылына барды.

Сапар барысында аймақ басшысы үйлерін су басу қаупі төнген жергілікті тұрғындармен кездесті.

«Біз көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Басты мақсатымыз – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тұрғындарды және олардың мүлкін қорғау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз. Қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын, сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ», - деп атап өтті облыс әкімі.

Естеріңізге салсақ, 9-10 наурызда еріген қар суының салдарынан Бақты ауылын су басу қаупі туындаған еді. Облыстың жергілікті атқарушы органдары мен ТЖД бірлескен жұмысының қызыл судың алдын алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив