Абай облысының прокуратурасы азаптаудың алдын алуды жалғастырады
Абай облысының прокуратурасы Абай облысының түзеу мекемелерінде азаптауға жол бермеу және қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жұмыс кездесулері өткізілді.Оған Абай облысы бойынша барлық мекемелердің жеке құрамы, ұлттық алдын алу тетігінің өкілі Р.Х. Темиргазин және облыс прокуратурасының қызметкерлері қатысты.
Азаптаудың алдын алу құқық қорғау органдарының басты міндеті болып табылады.
Осындай фактілерді алдын алу мақсатында, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық түзеу мекемелері тұтас бейнебақылаумен жарақтандырылуда.
Арнайы контингентке қатысты азаптау үшін мекеме қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны туралы басқа облыс мекемелерінің мысалдары келтірілген.
Мекеме қызметкерлерінің жұмыс кездесуінде қылмыстық жазалардың орындалуын реттейтін заңнаманың барлық талаптарын сақтау қажеттілігі көрсетілген.
Сондай-ақ, қатысушылар түзеу мекемелері қызметкерлерін қызықтыратын мәселелерді талқылап, жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді.
Нәтижесінде облыс прокуратурасы мекемелер басшылығының алдына азаптаулардың алдын алу, этикалық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау бойынша бірқатар міндеттер қойды.