Семейде санитарлық-экологиялық екіайлық өтеді
Семейде 1 сәуірден 31 мамырға дейін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тәртіп орнату бойынша санитарлық-экологиялық екіайлық өтеді. Әкімдік аппаратының кеңейтілген отырысында Нұрбол Нұрсағатов жауапты бөлімдер мен ұйымдарға бірқатар тапсырмалар берді.
ТКШ бөліміне мердігер ұйымдармен бірлесіп ағаштарды, бұталарды көктемгі отырғызуды, көгалдар мен гүлзарларды егуді (сондай-ақ оларға тиісті күтімді қамтамасыз етуді) және ҚТҚ полигоны мен қоқыс үйінділерін тиісті санитарлық жағдайға келтіруді қамтамасыз ету тапсырылды.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне мердігер ұйымдармен бірлесіп абаттандыру элементтерін тиісті жағдайға келтіруді қамтамасыз ету тапсырылды. Сенбілікті өткізу кезінде автокөліктер мен тиегіштердің санын көбейту керектігі қозғалды.
Семей қаласының полиция басқармасына қала әкімі ұйымдар мен жеке тұлғалардың іргелес аумақтың санитарлық жай-күйін сақтауына бақылау жүргізуді тапсырды. Жер қазу жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымдарға қазба жұмыстарын ретке келтіру қажет болады.
Тұрғын үй инспекциясы бөліміне, сәулет бөліміне және кәсіпкерлік бөліміне тұрғын үйлердің және басқа да ғимараттардың қасбеттерін, тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, сауда орындарының, кеңселердің, өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың аулалық және қасбеттік аумақтарын тиісті жағдайға келтіруді қамтамасыз ету тапсырылды.
Қала әкімінің бастамасымен тазалау жұмыстарын тиімді жүргізу мақсатында әкімдіктің әрбір бөліміне бөлінген белгілі бір сектор бекітілді.
Сонымен қатар, жеке меншік иелері, барлық меншік нысандарының басшылары (ЖШС, ЖК және т.б.), сондай-ақ, гараждар, үйлер, саяжайлар, бау-бақша кооперативтерінің төрағалары аумақты тазалаумен айналысуы керек.