Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.02 536.18 5.54

Сирияның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды

19-03-2024, 15:50 Мадина Айдарова

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев жаңадан тағайындалған Сирия Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Башар Джаафаридің сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады.

Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан-Сирия күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді және екіжақты ынтымақтастықтың өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Ә.Бақаев Сирияның Елшісі Б.Джаафариге сәттілік тілеп, оның Қазақстандағы жауапты миссиясы кезінде өзара нәтижелі әріптестікке үміт білдірді.

Сирияның Елшісі, өз кезегінде, жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, Астана мен Дамаск арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға бар күш-жігерін жұмсауға дайындығын растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив