Бородулихада демеушілер тарапынан 100 млн. теңгеге көмек көрсетілді
Бородулиха ауданында 2022 жылы шаруа қожалықтарының басшылары, аудан кәсіпкерлері жалпы сомасы 100 млн. теңгеге көмек көрсетті. Бұл туралы Абай облысының ӨКҚ өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин айтып берді.
Демеушілер есебінен Коростели ауылында жалпы сомасы 5 млн. теңгеге саябақ аумағын қоршау және шағын сәулеттік безендіру жобасы іске асырылып, мешіттің жылу жүйесі жөнделген. Зенковка ауылында Жеңіс саябағын қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тратуарлар мен плиталар ауыстырылды. Уба-форпост ауылында медициналық пунк ғимараты жөнделіп, жабдықталды.
Меценаттар, шаруа қожалықтарының басшылары ауданға спорттық, музыкалық жабдықтар сатып алуға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, сондай-ақ мерекелер мен мерейтойларды атап өтуге қаржылай көмек көрсеткен.