Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Shakarim University 15 ғалымы шетелдік оқу орындарында тәжірибе алмасуда

28-03-2024, 10:54 SHAKARIM UNIVERSITY

Жыл сайын Shakarim University профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары Азия, Еуропа, АҚШ, Түркия, Қытай және т.б. серіктес ЖОО-да шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтеді. Осы ретте, білім ордасының бірқатар ғалымдары шетелдік жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдаманы бастады. Атап айтқанда, Түркия елінің Кавказ университеті, көрші Өзбекстан елінің Коканд және Әлішер Науаи атындағы өзбек тілі мен әдебиеті Ташкент мемлекеттік университеттері.

Тағылымдама кезінде білім алушылар шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің, эксперименттік деректерді өңдеу және интерпретациялаудың заманауи әдістерімен танысады. Мәселен, Өзбекстан Республикасының Коканд университетінде қатысушылар «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша заманауи әдістерімен жұмыс істеу, ғылыми деректерді өңдеу және түсіндіру дәрістерін оқып, тәжірибе алмасуда.

Бұдан бөлек, оқу орнының бір топ ғалымдары Түркия мемлекеті Карс қаласының Kafkas University ветеринария және мал шаруашылығы саласы бағытында тәжірибелері мен білімдерін арттыруда. Әлемдік деңгейдегі озық тәжірибелермен танысу Абай өңірде ветеринариялық медицинаны, аграрлық сектор мен педагогикалық салаларды дамыту үшін жаңа перспективаларды ашатыны сөзсіз.

Ғасырға жуық тарихы бар Шәкәрім университетінің беделді ғалымдарына тағылымдама барысында шығармашылық шабыт тілейміз! Айта кетейік, алдағы уақытта университеттің бір топ ғалымдары Ж.Баласағұни атындағы Қырғыз Ұлттық университетіне тәжірибе алмасуға аттанады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив