Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД қызметкерлері Үшбиік ауылында еріген суды бұруда

28-03-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қардың қарқынды еруі нәтижесінде еріген су даладан келіп Үшбиік ауылындағы екі шеткі көше су астында қалды.

Барлығы 12 аула аумақтары су астында қалды, оның ішінде 9 пәтерге су кірді. Су басқан 9 пәтердің 4-і тұрғын жайлар емес.

Су басқан үйлердің тұрғындары өздіктерінен эвакуацияланып, туыстарының үйлеріне орналасқан

ЖАО күшімен 15 адам және 5 бірлік техника еріген суды бұру бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта су деңгейінің 40 см-ге төмендеуі байқалады, сондай-ақ 4 пәтерден еріген су шығарылды.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Оқиға орнында Абай облысының ТЖД күштері мен құралдарынан 54 адам, 9 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 4 мотопомпасы, Полиция департаментінің жеке құрамнан 10 адам және 4 бірлік техника жұмыс атқаруда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив