Олжас Құрманбек Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды
Олжас Құрманбекұлы 1986 жылы 23 наурызда дүниеге келген. 2008 жылы ҚазГЗУ Алматы заң академиясында «Құқықтану» мамандығын, 2011 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Менеджмент» мамандығын, 2013 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын тәмамдаған, заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілген. Франция, Париж қаласында тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің іс жүргізу жөніндегі инспекторы болып бастаған. Астана қаласында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі заң басқармасының сарапшысы және бас сарапшысы болып жұмыс атқарған.
Әр жылдары «Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да түрлі лауазымдарда еңбек етті. 2021-2022 жылдары Алматы қаласы әкімі аппараты бірыңғай персоналды дамыту қызметінің бас инспекторы, 2022 жылы Алматы қаласы әкімі аппараты бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.
Тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты аумақтық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің бас инспекторы лауазымында болған.