Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Абай облысының Бородулиха ауданындағы жағдай туралы ақпарат

30-03-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Бородулиха ауданы Переменовка ауылында қардың қарқынды еруі салдарынан Эра өзенінде су деңгейі көтерілді. Өзен арнасынан судың шығуы нәтижесінде Первомайская көшесінің бойындағы 50 аула аумағын су басқан. Үйлерге су кірген жоқ

19 адамды эвакуациялау шаралары жүргізілген болатын, оның ішінде 6 бала бар. Қазіргі таңда барлық тұрғындар үйлерінде.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің, ЖАО, АПБ, орталық аудандық емхананың және АЭС күштері мен құралдарынан 44 адам және 7 техника жұмыс атқаруда.

Первомайская және Болашақ көшелері бақылауға алынған. Үйлерді су басып кетпеу үшін инертті материалдар төселуде.

ЖАО Эра өзенінде жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізуде, барлығы 400 қап 500 тонна инертті материал төселді.

Төтенше жағдайлар қызметі үйлерді аралап, тұрғын үйлердің су баспауын тексеруде.
Талан-таражға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Бородулиха АПБ патрульдер ұйымдастырды.

Қазіргі таңда Первомайская және Болашақ көшелерінің бойында су деңгейі төмендеп, аула аумақтары мен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

Бородулиха ауданындағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив