Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Аягөз ауданында су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр

30-03-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз өзені бойында орналасқан Аягөз қаласы, Мамырсу ауылы (Бозай елді мекені), Тарлаулы, Қопа ауылдық округтеріндегі жағдай тұрақты.

Су деңгейін бақылауда ұстау үшін кезекшілік ұйымдастырылған.

Мамырсу ауылдық округі Бозай ауылына Аягөз өзені арқылы қатынасты ұйымдастыру үшін ЖҚЖ-3 құтқарушы, 1 бірлік техника, 1 қайық жұмылдырылған.

Сондай ақ, Аягөз қаласының Төлендин көшесіне жайылған еріген қарсуын өзен арнасына арнайы техникалармен (1-носонай станция на базе КАМАЗ, 2-прицепной мотопомпа) лақтыру жұмыстары жалғасуда.  

Қызылсуды бұру және бөгетті күшейтуге, аудан орталығындағы Төлендин, Радионов және Шыңғожа батыр көшелерінен суды шығаруға  ДЭУ-25 мекемесінен 14 бірлік техника (10 камаз, 1 экскаватор, 1 грейдер, 2 погрузчик) жұмылдырылып, көшелерге топырақ төселіп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив