Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Облыста су тасқынын алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр

1-04-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы ТЖД ақпаратына сәйкес, 2024 жылғы 31 наурызда Көкпекті ауданы Көкжайық ауылында (Көкпекті өзені) 15 аулаға қызылсу кірді (оның ішінде 3 баспана иесіз). Инженерлік техникамен еріген қар суын бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 3000 тонна көлемінде инертті материал, 50 қап құм төселді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аула аумағынан еріген қар суы шығарылды. Бүгінде су басқан үйлер мен аула аумақтары жоқ, көшелерде қалған суды сору жұмыстары жалғасады.

Сонымен қатар, 31 наурызда Көкпекті өзенінің су деңгейі көтерілуінен жергілікті маңызы бар «Көкпекті-Тассай» автожолындағы «Жүзағаш» учаскесінің көпір құрылымына зақым келіп, жол төсемі бұзылды. Баламалы көлік қатынасы бар (Қарағандыкөл ауылы арқылы өтетін айналма жол).

Аймақта көктемгі су тасқыны басталғаннан бері 5520 дана қап, 4935 тонна инертті материал пайдаланылды. Барлығы 71580 текше метр еріген қар суы шығарылды. 339 адам эвакуацияланған, оның ішінде 45 бала. Бүгінде тұрғындар үйлеріне оралды.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды. Су басқан аула аумақтары мен тұрғын үйлер жоқ.

2 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды: Аягөз ауданыдағы Бозай ауылы, Ақсуат ауданындағы Кіндікті ауылы. Бүгінде жол-көлік қатынасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жағдай қиындаған жағдайда облыста тұрғындарды эвакуациялау үшін 4400 орындық 37 уақытша орналастыру пункті бар. Қажет болған жағдайда облыс мектептерінде уақытша орналастырудың 312 пункті бекітілген. 

Қызылсудың алдын алуға барлығы 215 адам, 29 бірлік техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылды. ТЖМ жеке құрамы, ЖАО қызметкерлері және жергілікті тұрғындар инертті материалдар мен қап төсеу, бөгетті биіктету, суды бұру үшін арналарды кеңейту, сондай-ақ су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу, көшелерден еріген қар суын шығару жұмыстарын жүргізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив