Абай облысының әкімі Бесқарағай ауданына барды
Нұрлан Ұранхаев Бесқарағай ауданы Бозтал ауылындағы жағдаймен танысты. Бүгінде Бесқарағай ауданындағы жағдай тұрақты, эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралды.
Еске салсақ, қардың қарқынды еруінен Бозтал ауылының іргесіне қызыл су келген еді. Су басу қаупі бар аймақта 4 үй, оның ішінде 1 Щадрухин орман шаруашылығының тұрғын үйі және Абай көшесін бойындағы 10 басана болды.
Азаматтардың қауіпсізід үшін 16 адам эвакуацияланды, оның ішінде 3 бала. Үйлерін су басқан тұрғындардың туыстарының үйлеріне орналастырылды. Қалған 8 адам (оның ішінде үшеуі бала) Бозтал ауылының орта мектебіне жайғастырылды. Қазіргі уақытта барлық тұрғындар үйлеріне оралды. Су басу қаупі жоқ.
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев сапар барысында су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысып, эвакуациялық пунктті тексерді.
Қазіргі уақытта еріген суды бұру жұмыстары жалғасуда. Қызылсу жайылған аумақта ТЖД күштері мен жергілікті атқарушы орган тарапынан, яғни 75 адам, 13 бірлік техника, 3 жүзу құралы және 3 мотопомпа жұмылдырылған.
ТЖД мен ЖАО-ы жол жиегін бекіту үшін 470 тонна инертті материал, 700 дана қап құм төседі. Қабылданған шаралар нәтижесінде бүгінде су деңгейі төмендеді.
Ауданда тұрақты мониторинг жүргізіліп, аула аумақтары мен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Сондай-ақ су басқан аймақта мүлікті қорғау мақсатында құзырлы органдар кезекшілік ұйымдастырды.
Бесқарағай ауданындағы көктемгі су тасқыны жағдайы қатаң бақылауда.