Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

600-ден астам ерікті көктемгі су тасқыны салдарын жоюға көмектесуде

2-04-2024, 16:10 Мадина Айдарова

Абай облысында көктемгі су тасқынын алдын алу және оның салдарымен күресуге 600-ден астам ерікті атсалысты. Алғашқы күннен бастап облыстық волонтерлік фронт-офис ақпараттандыру және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Ал жергілікті жерлердегі аудандық жастар орталықтары жанындағы еріктілер белсенді жұмыс істеді.

Олар азаматтарға алғашқы көмек көрсетуге, эвакуациялауға, азық-түлік жеткізуге көмектесті. Жарма ауданында – 80, Бородулиха ауданында – 130, Бесқарағай ауданында – 60 және Ақсуат ауданында – 230 ерікті белсенді қатысты.

Бүгінде Аягөз қаласында 100 ерікті азық-түлік жеткізу, жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарына көмектесіп жатыр. Облыстық фронт-офис жергілікті еріктілермен бірлесіп қызмет атқарды.

Сонымен қатар, еріктілер тобы жолда қалған азаматтарға қажетті заттарды жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив