Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Астанада Қырғыз киносының күндері басталды

4-04-2024, 12:00 Мадина Айдарова

Бүгін Астанада қырғыз киносы күндерінің ашылу өтті. Іс-шараға Қырғыз Республикасының Қазақстандағы елшісі Дастан Дюшекеев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова, ҚР Сыртқы істер министрлігі , қырғыз диаспорасы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қырғыз киносы күнінің ашылуында қырғыз режиссері Руслан Акунның «Бейиш эненин таманында» (Пейіш ананың табанында) фильмі көрсетілді.

Фильм ой-өрісі сегіздегі баланың жасындай ер азаматтың қиындыққа толы өмірі және ананың балаға деген махаббаты туралы. Кинокартинаның көп бөлігі Қазақстан аумағында түсірілген.

Айта кетейік, фильмнің премьерасы Наурыз мерекесі қарсаңында  Қырғызстан мен Қазақстан кинотеатрларында бірдей өтті. Басты мақсат – екі елдің мәдени байланысын нығайтып, көрші елдің кино өндіру саласына қолдау көрсету.

Аталмыш фильм қырғыз киносы күндері аясында қазақстандық көрермен көретін жалғыз картина емес. 4 сәуірде «Тенирберди» (Тәңірберді) фильмі көрсетіледі. Туынды жеңіл, комедиялық жанрдағы этикалық құндылықтар тақырыбын қозғайды.

Айта кетейік, екі ел киноөндірушілері бірлесіп, бірнеше сәтті жобалар жасады. Атап айтсақ, қазақстандық және қырғызстандық кинематографистердің бірлескен жұмысы нәтижесінде «Үкім» фильмі түсірілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив